Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандылық әйел аязда сәбиін көшеге тастап кеткен

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2024
  • 1176

Қарағандыда полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатыр.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел басқару орталығына ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде жас нәрестенің жатқаны туралы хабарлама түскен. 

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның анасын және оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.