Русский Сайттың толық нұсқасы

Ыстамбұлдың танымал көрнекі орны жабылады

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2024
  • 473

Ыстамбұлдағы Галата мұнарасы 23 ақпаннан бастап жабылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ыстамбұлдың еуропалық бөлігіндегі ең танымал көрнекі жерлердің бірі - Галата мұнарасы 23 ақпаннан бастап бір айға жабылады. Бұл туралы Түркияның мәдениет және туризм министрлігі мәлім етті.

Бұған дейін мұнара 2023 жылдың қарашасында жабылған еді. Ол кезде ғимараттың 8-қабаты төбедегі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылған болатын.

"Енді ғимараттың жер сілкінісіне төзімділігін арттыру мақсатында жөндеу жұмыстары қайта жүргізіледі. Сонымен қоса мұнараның қасбеті қалпына келтіріледі деп жоспарланған", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, ғимараттың қабыраларына 400-ге құс ұя салған. Сол себепті қалпына келтіру жұмыстары құстардың көші-қон маусымын ескере отырып жүргізіледі.