Русский Сайттың толық нұсқасы

Бетперде киген жігіт тағы бір отбасыға үй сыйлады

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2024
  • 879

Әлеуметтік желіде бетперде киген бейтаныс жігіт тағы бір отбасыны қуантты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол Эльмира есімді жалғызбасты анаға көмектесті. 4 баланың анасы 17 жылдан бері көлік жуумен күн көріп келген. Көзінде ақауы бар келіншек жертөлені жалдап тұрады екен.

"Көлік көргім келмейді. Амал жоқ. Осы жердің жертөлесінде тұрамыз. Кейде тышқандар өріп жүреді. Суық",- дейді жалғызбасты ана.

Бетперде киген жігіт халықтан жиған қаражатқа келіншекке үй сыйлады.