Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы оқушылары Универсиадаға байланысты екі рет демалысқа шығады

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2017
  • 2281

29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін Қысқы студенттік универсиада кезінде Алматыдағы барлық мектеп оқушылары демалатын болды. Бірақ  көктемгі дәстүрлі оқушылар демалысы қысқартылмайды. Яғни оқушылар 21 наурыз бен 2 сәуір аралығында көктемгі демалысқа әдеттегідей шығады. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаева арнайы брифингте мәлімдеді.

Қазір мектеп директорларына оқу бағдарламасына сәйкес сабақ кестесін қайта қарап, реттеу тапсырылған. Халықырылық спорттық додаға байланысты аталған қосымша демалыстың колледждер мен жоғарғы оқу орындарына қатысы жоқ.

Ләззат Жылқыбаева, Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары:

Универсиада кезінде оқушылар өз сыныптастарымен, ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен спорттық ойындарды тамашалауға мүмкіншілігі болады. Бұл іс-тәжірибе әлемдік елдерде бар, осыған қарап, біз мұны қолданып отырмыз. Осы тоғыз күнде өтпеген материалдар қосымша сабақ арқылы өтіліп, орны толтырылады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ