Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ордабасы" мен "Тобыл" жанкүйерлері Түркияда төбелес шығарды

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2024
  • 609

Түркияның Анталья қаласында өткен футболдан Қазақстан Суперкубогында жанкүйерлер төбелесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

18 жасқа толмаған адамдар, жүкті әйелдер және психикасы тұрақсыз адамдар көрмегені дұрыс. Футболдан Қазақстан Суперкубогы алғаш рет шетелде өтті. Бұл кубокты кеше, 25 ақпанда шымкенттік "Ордабасы" мен қостанайлық "Тобыл" командалары Антальяның (Түркия) "Титаник Мардан" стадионында сарапқа салды. Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын пенальтиге ұласты. Пенальти сериясында "Тобыл" клубы басым түсіп, жеңімпаз атанды. Матч барысында трибунадағы бірнеше жанкүйер арасында кикілжің туып, ол төбелеске ұласқан көрінеді.

"Спорт Шредингера" телеграм арнасында жарияланған видеодан жанкүйерлердің бірі қарсыластарына орындық лақтырғанын көруге болады. Стадион қызметкерлері жанкүйерлерді ажыратуға тырысқан. Оқиғадан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.