Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда машина жасау зауыты өртенді

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2024
  • 352

Бүгін таңғы сағат 06:32-де Қарағанды қаласының А. Бөкейханов атындағы ауданында "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" ЖШС аумағында цех шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

ТЖД жоғары шақыру дәрежесі бойынша жетті. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамның 58 адамы және 16 техникасы жұмыс істеді. Сағат 07:52-де өрт сөндірушілердің күшімен шамамен 400 ш.м. алаңды шарпыған өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өрт сағат 08:22-де толық сөндірілді, - делінген хабарламада.