Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында 3 адам пештен шыққан газ иісіне уланып қалды. Үйінде 13 және екі жастағы балаларымен отырған келіншек басының айналғанын сезіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Тиісті ем-дом көрсетілгеннен кейін әйел мен оның екі баласы үйіне қайтарылды. Ал төтенше жағдай саласының мамандары пеш мұржасы бітеліп қалғанын анықтады.
Евгений ЖУРАВЛЕВ, СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Төтенше жағдай мамандары аталған үй иелерімен өткен жылдың тамыз айында кездесіп, өрттің алдын алу бойынша кеңес берген. Алайда, үй иелері қауіпсіздік шараларына мән бермеген көрінеді. Жалпы жыл басынан бері Қызылжар өңірінде 4 адам пештен шыққан газ иісіне уланған.