Атырауда жарқанат табылған балабақша ата-аналар шуынан соң дизенфекцияланды. Жыртқышты қаладағы №48 «Родничок» бақшасында балалар тобынан бір емес, бірнеше рет көргенін айтқан.
Басшылыққа ескерткенімізбен, ешқандай нәтиже жоқ,- дейді әлеуметтік желідегі жазбада наразы ата-аналар. Мектепке дейінгі мекеме басшысы балалар ғимаратында жарқанат барын жоққа шығарған жоқ. Айтуынша, ғимарат ескі. 40 жылдан астам уақыт күрделі жөндеу көрмеген. Десе де үнемі тек залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп тұрамыз,- дейді.
Лира ДОСАЛИЕВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:
Ата-аналар шағымын аяқтай айтып келгесін қалалық білім бөліміне де хат жазылды. Сенбі, жексенбі күні мемлекеттік сатып алу бойынша «ТОО Acad Company» ұтып алды. Сол мекеменің қызметкерлері келіп, сенбі-жексенбі күні дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Яғни, маңағы подвалдан бастап, барлық бөлмелердің ішін улады. Дезинфекция жұмысын күшейтеміз.