Русский Сайттың толық нұсқасы

Михаил Кукушкин Испанияда негізгі турнирге жолдама алды

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2024
  • 429

Қазақстандық, әлемнің 165-ракеткасы Михаил Кукушкин Тенерифе (Испания) челленджер турниріне жолдама алды, - деп жазды KAZINFORM.

Іріктеу сайыстарының 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алдымен грузиялық Николоз Басилашвилиді 6:2, 6:2 есебімен жолдан тайдырды.

М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 320-орындағы франциялық Лорен Локолимен кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 4:1 есебімен алға кеткен сәтте Л.Локоли матчты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, М.Кукушкин негізгі турнирге өтті.

Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының жартылай финалында италиялық Сальваторе Карузоға 4:6, 1:6 есебімен жол беріп, жарыстан шығып қалды.