Геннадий Головкин ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) президенті болып сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2015 жылдан бері бұл қызметті Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, олигарх Тимур Құлыбаев атқарып келген. Басшылықтағы ауыс-түйіс комитетке қатысты сыни пікірлерден кейін болды.
Оның кандидатурасына Ұлттық олимпиада комитеті кезектен тыс жалпы ассамблеясының отырысында дауыс берген.