Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматының орталығында бір-бірін арматурамен ұрған жігіттердің төбелесі видеоға түсіп қалды

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2024
  • 507

Алматының орталығында бірнеше жігіттің төбелескен сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Байтұрсынов-Қабанбай батыр қиылысында сағат 21:40 шамасында болған. Видеода сырт киімсіз бір топ жас бір-біріне жұдырық ала жүгіргені көруге болады. Бір кезде олардың бір бірі қарсыластарына арматура лақтыра бастады.

Төбелесіп жатқандарды ажыратуға тырысқандар табылғанымен, бұл көмектеспеген.

Куәгерлер оқиға орнына полиция шақырған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.