Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе мектепте құлап қаза болған оқушыға қатысты іс қысқартылды

Ақтөбеде мектепте партаға соғылып, қайтыс болған оқушыға қатысты қылмыстық іс қысқартылды. 7-сынып оқушысының өлімі жазатайым оқиға жатқызылды. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға былтыр желтоқсан айында болды. Үзіліс кезінде сыныпқа жүгіріп кірген оқушы шалынып құлап, кеңірдегімен партаға соғылған. Соққыдан бала есінен танып қалған. Жедел жәрдеммен дереу ауруханаға жеткізілгенімен 13 жастағы оқушы көз жұмды. Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 141 бабы 2 бөлігімен қылмыстық іс қозғалған еді

Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Бірақ қылмыстың құрамы болмағандықтан аталған қылмыстық іс қысқартылды.