Русский Сайттың толық нұсқасы

Жігітімен ұрысып қалған әйел 5 айлық баласын терезеден лақтырып жіберді

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2024
  • 478

Бес айлық сәби үшінші қабаттан бетонға құлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5 ақпан күні Ямайканың құқық қорғау органдары 27 жастағы әйелге баласын өлтірді деген айып тақты. Associated Press мәліметінше, ол былтыр жыл соңында бес айлық шақалақты терезеден лақтырып жіберген.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға желтоқсан айының соңында болған. Әйелдің жанында туған-туыстары мен жігіті болған. Сүйіктісі қарым-қатынасты талқылау туралы тақырыптан бас тартқан соң келіншек ашуға мініп, сәбиін алып бөлмеден шыққан. Сол қарқынмен үшінші қабатқа көтеріліп, Дестине есімді қызын бетонға тастап жіберген.

Сәби шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.