Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет меншігіндегі 394 нысан 105 миллиардтан астам қаражатқа сатылды

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2017
  • 2256

Мемлекет меншігіндегі 394 нысан 105 миллиардтан астам қаражатқа сатылды. Бұл туралы есеп Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Республика меншігіндегі 35 нысан сатуға шығарылған. Оның 25-і жекенің қолына өткен. Ел бюджетіне түскен табыс 8 жарым млрд теңгеге жуық. Коммуналдық меншіктегі 269 нысаны саудаға қойылып, 201-і сатылған. Облыстық бюджет кірісі 17 миллиард теңгеге артты. Әлі аукционға шығарылуы тиіс 87 нысан бар.

2014-2017 жылдары сатылуы тиіс нысандар кестесінде Ұлттық компаниялар мен холдингтердің 168 нысаны енгізілген. 10-шы қаңтарға дейін оның 133 нысаны саудаға шығарылып, 71-і өткен. Одан 73 миллиард 600 миллион теңге түскен.

Ал Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының меншігіндегі жекешелендіруге жататын 129 нысанның 120-сы сатылымға қойылды. Оның 97 нысаны 6 миллиард 760 миллион теңгеге сатылған.

2014-2017 жылдары жекешелендіруге 718 нысанды шығару көзделген. Оның 602-сі жекешелендіруге жатады деп шешілген. Екі жыл ішінде 400-ге жуық нысаны сатылды.