Русский Сайттың толық нұсқасы

14 жыл бойы іздеуде жүрген бойжеткен Астанадан табылды

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2024
  • 14800

Астана полициясы 14 жыл бұрын жоғалып кеткен Өзбекстан азаматын тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

2022 жылы полицейлер елорда аумағында із-түссіз жоғалған Өзбекстанның 39 жастағы азаматын тапты. Туысқандары оны 2008 жылдан бері іздеп жүрген.

Әйел Алматыға ақша табуға келген. Содан кейін ұзақ уақыт Шымкент пен Қызылордада жұмыс істеген. Айтуынша, құжаттарын жоғалтып алғандықтан, туыстарымен байланысқа шыға алмапты.

"Осы жылдар бойы әйел әртүрлі жұмыс істеген. Үй қызметшісі, кеңселер мен дәмханаларда тазалықшы болған. 2021 жылғы шілдеден бастап Нұр-Сұлтанда жалдамалы пәтерлерде тұрған", - делінген хабарламада.