Русский Сайттың толық нұсқасы

Премьер-Министр Олжас Бектенов Астанадағы бірқатар нысанды аралады

Премьер-Министр Олжас Бектенов елорданың бірқатар әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысанын аралады. Үкімет басшысы қуаты тәулігіне 105 мың текше метрлік №3 сорғы-сүзгі станциясының жұмысымен танысты. Жаңа ашылған мекеме астананың ауызсу қажеттілігін толық жауып отыр. Сонымен қатар Премьер-Министрге жылу электр станцияларының дамуы жайлы баяндалды. Жоспар орындалса, 2035 жылға дейін елорда жылудан тапшылық көрмейді. Ал көгілдір отынмен 13 тұрғын үй алабының 12 мыңнан астам тұрғыны қамтылып отыр. {СНХ}

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 Өткен жылы сумен қамтамасыз етуде проблемалар болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тиісті шаралар қабылданып, 2027 жылға дейін қажетті қуат қоры қалыптастырылды. Инженерлік инфрақұрылым ұдайы озық қарқынмен дамуға тиіс. проблемаларға жол берілмеуі керек.