Агрессорлар мен абьюзерлер қатаң жазаға тартылады. Мәжіліс әйелдер мен балалардың құқықтарына қатысты заңды екінші оқылымда қабылдады. Жауапкершілікті қатайтуды жұртшылық көптен бері талап етіп келеді. Себебі қоғамда қылт етсе қол көтеретіндер көбейген. Салдарынан қаншама шаңырақ шайқалып, әйел тағдыры талқыға түсіп, балалар зардап шегуде.
Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Әйелдер мен балаларға күш көрсетуге, агрессия мен зорлық-зомбылыққа жол бергізбеуге тиіспіз. Ата дәстүрлерімізді берік ұстанып, ерлі-зайыптылар арасында шынайы құрмет, сыйластық пен балаларға деген қамқорлық орнығуы қажет. Өте ауқымды жұмыс атқарылды.