Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дұрыс жұмыс істемегені үшін 14 қызметкер жазаланды

  • AstanaTV
  • 29 ақпан 2024
  • 1075

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дұрыс жұмыс істемегені үшін Төтенше жағдайлар министрлігі мен Алматы төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері жауапқа тартылды. Жазаланғандардың қатарында министрліктегі 4 басшы мен олардың 5 орынбасары, ведомствоға қарасты ұйымның бір басшысы, аумақтық бөлімше басшысы мен оның орынбасары бар. Бірақ олардың толық аты-жөні жарияланған жоқ,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Айта кетейік, 23 қаңтарда түнгі сағат 12:09-да Алматыда 5 балл жер сілкінісі болып, халық үйлерін тастап, жаппай сыртқа шыққан еді.

Алматылықтар жер сілкінісінен кейін екі сағаттан соң ғана хабарлама алған еді. Содан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты жиын өткізіп, қаланың азаматтық қорғаныс жүйесі жер сілкінісіне дайын болмай шықты деген болатын.