Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған Шымкент тұрғыны ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ол ұзақ уақыт бойы алыс шетелдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.