Бүгін дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні. 60-тан астам ел бұл күнді мерекелейді. Ашық есік күндері, семинарлар, викториналар, конкурстар, әртүрлі оқу-жаттығулар мен ашық сабақтар өткізіледі. Сондай-ақ, жыл сайын бұл күні Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұсынысымен жаңа ұран таңдалады. Биылғы ұран "Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар" деп аталды.
Алексей Советов, ҚР ТЖМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Әр жылдары "Азаматтық қорғаныс негіздері", "Құтқару дағдыларын қалыптастыру", "Халықты хабардар ету жүйелері мен байланыс құралдарын дамыту", "Еріктілерді кеңінен пайдалану", "Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі" сынды ұрандар болған. Биылғы ұран: "Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар.