Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде террорлық қауіптіліктің бірқалыпты "сары" деңгейі қаңтардың 16-сында алынады

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2017
  • 2592

Елде террорлық қауіптіліктің бірқалыпты "сары" деңгейі қаңтардың 16-сында алынады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің антитеррор орталығы хабарлады.

Айта кетейік, Ақтөбедегі маусым терактісі кезінде облыс аумағында лаңкестік қауіптіліктің қызыл деңгейі, ал ел аумағында сары деңгейі жарияланған еді. Ол 40 күнге енгізілді. Ал тамызда қауіпсіздікті күшейту шарасы қаңтардың 16-сына дейін ұзартылған болатын. Бірқалыпты "сары" деңгейі кезінде кісі қарасы қалың жерлерде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, халықтың да сақ болуы ескертілген.