Русский Сайттың толық нұсқасы

Талдықорғанда үш азамат жол апатынан зардап шекті

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2024
  • 734

Жол апаты 1 наурызға қараған түні болды. 22 жастағы Lexus ES300 жүргізушісі, Талдықорған қаласындағы Жансүгіров көшесімен келе жатып, рульді басқара алмай, ағашқа соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен жолаушы екі жас жігіт түрлі жарақаттармен қалалық көпсалалы аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.