Русский Сайттың толық нұсқасы

Ер адам Ақтөбе облысынан Маңғыстау облысына жаяу шығып, жоғалып кеткен

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2024
  • 866

Маңғыстау облысында ер адам жоғалып кетті. Ол Ақтөбе облысынан Маңғыстау облысына бет алған - деп хабарлайды Massaget.kz.

29 ақпанда 1979 жылы туған ер адам Ақтөбе облысының Диар ауылынан Маңғыстау облысының Бейнеу ауылына жаяу шығып, жоғалып кеткен.

"Іздестіру жұмыстарына Бейнеу ауданының ТЖБ қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылды. Сондай-ақ, дрон қолданылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында. 

1 наурызда Бейнеу ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы Тимур Аметовтың жетекшілігімен іздестіру тобы Тоқсанбай разъезінде, Бейнеу ауылынан 141-шақырым жерде жоғалып кеткен адамды тапты, оған медициналық көмек қажет болмаған.