Русский Сайттың толық нұсқасы

20 жастағы қазақстандық қызды жезөкшелер үйіне сатып жіберген

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2024
  • 1132

Оңтүстік Кореяда полиция шетелдік әйелдерді елге алдап шақырып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейтін қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қылмыстық топқа қатысты іс Оңтүстік Кореяның Чеджу провинциясы астанасының аудандық сотында қаралды. Сотталушыларға шетелдік әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген айып тағылды.

"Олар әйелдерді барда жұмыс істеймін деп алдап, елге кіргізген. Содан кейін олар жәбірленушілерді пәтерінде қамап, клиенттерге қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Бір әйел қашып үлгерген, содан кейін ол полицейлерге хабарласқан. Құқық қорғау қызметкерлері оқиға орнына барып, күдіктілерді тұтқындап, бұл факті бойынша жан-жақты тергеу жүргізді", – деді оңтүстіккореялық басылымы.