Русский Сайттың толық нұсқасы

Антикор бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ұсталғанын растады

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2024
  • 763

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ұсталғанын растады. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды", - делінген хабарламада.

Антикор қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы полиция департаменті УҰИ-да қамауға алынғанын мәлімдеді.

Құзырлы орган мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.