Қатты отын пешінің дұрыс жұмыс істемеуінен тұрғындар улы газдан уланып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
3 наурыз сағат 06-10-да Семей қаласындағы Строительный аулында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пештің мұржасынан ақау шығуына байланысты көміртегі тотығымен уланып, 2 адам ауруханаға жатқызылды.
Уланудың алдын-ала себебі-жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу.
Абай облысы ТЖД жеке құрамынан 1 адам және 1 бірлік тех.жұмылдырылды.
ТЖМ келесі ережелерді сақтауды сұрайды:
пештер мен каминдерді ережелерге сәйкес пайдалану;
мұржаларды уақытылы тазарту және желдеткіш жүйесінің жұмысын жүйелі түрде тексеру;
пештер мен каминдерді орнату мен жөндеуді мамандарға тапсыру.