Русский Сайттың толық нұсқасы

Ел автонарығында таңдау құқығы шектелуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2017
  • 2332

Ел автонарығында таңдау құқығы шектелуі мүмкін. Яғни автосалондарда көлік модельдері азаюы ықтимал. Сарапшылар осындай пікірде. Мамандар мұны Еуразия экономикалық одағының келісімімен байланыстырып отыр.  Онда сырттан әкелінетін көліктерге шұғыл дабыл түймесін орнату міндеттелген. Ресейде бұл «ЭРА-ГЛОНАСС» деп аталады. Біз де «ЭВАК» деген жүйені енгізу қолға алынып жатыр. Көлік шығарушылар арнайы сертификат алу үшін жарты миллион еуро жұмсайды,-дейді мамандар. Оның үстіне краш-тестілеуден өткізу тағы бар. Бірақ авто шығаратын компаниялардың барлығы дерлік мұндай шығынға баруы екіталай. Тиісінше, ресейлік автопромның сатылымы еселене түсуі мүмкін деген жорамал бар.

Эдуард Эдоков, тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы:

Бұрын таңдау шартты түрде 1000 үлгіден тұрса, енді таңдау 200-ге түседі. Және оның басым бөлігі ресейлік «Автовазға» тиесілі болмақ. Қазақстандықтардың таңдауы «Лададан» ғана тұрмақ. 

Сарапшылардың мәліметінше, «Дженерал моторс» пен «БМВ» автоконцерндері Ресей мен Қазақстанда өнімдерін азайтуды жоспарлап отыр. Еуразиялық экономикалық одақ нарығында қандай көлік түрлері сатылымда болады? Ал дабыл түймесін орнату несімен тиімді? Ертең 20.00-де шығатын «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан біле аласыздар.