Русский Сайттың толық нұсқасы

Күшті препарат дәрігер нұсқамасыз сатылған

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2024
  • 669

Маңғыстау облысындағы дәріханалардың бірінде әсері күшті препарат дәрігер нұсқамасыз сатылған, деп хабарлайды 24KZ.

Тропикамид – адам өмірі мен денсаулығына аса зиянды, есірткінің әсерін күшейтетін зат. Соның 45 мыңнан астам қаптамасы заңсыз өткізілген. Прокуратура жүргізген тексерістің нәтижесінде сондай-ақ мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді сату, тіпті дәріхананың лицензиясыз қызмет көрсету фактісі анықталды. Кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылып, әкімшілік жауапқа тартылды.