«Астана Опера» 2017 жылғы алғашқы гастроліне шығуға әзірленіп жатыр. Өнер ұжымы әйгілі
«Париж Құдай Анасы соборы» балетімен Ресейге жол тартады. Француз стиліндегі
балет астаналық өнерпаздардың орындауында алғаш рет Санкт-Петербордағы
Мариинский театрында сахналанады.
Әлемдік классиканың інжу-маржаны саналатын
туындыны мінсіз орындау үшін қазір «Астана Опера» балет труппасы тынымсыз
дайындық үстінде. Француз композиторы Морис Жаррдың «Париж Құдай анасы соборын»
алдымен елордалықтар тамашалайды. Ал 1 және 2 ақпан күндері аты аңызға айналған
спектакль Мариинский театрында Ресейдің талғампаз көрерменіне ұсынылады.