Русский Сайттың толық нұсқасы

Майқайың кентіне су берілді

Майқайың кентіне су берілді. 10 мыңнан астам халқы бар елдімекен 10 күн бойы сусыз отырды. Бұған су құбырының қатып қалуы себеп болған. Орталық магистралді іске қосу үшін 13 шақырымнан астам құбыр жылытылды. Қазір үйлерге біртіндеп су жіберіле бастаған. Апаттың салдарынан «Богатыр-көмір» кеніші де сусыз қалған болатын. Оған да су жіберілді. Апатқа кінәлі тұлғалар жауапгершілікке тартылмақ. «Майқайыңалтын» кен байыту комбинаты да қайта іске қосылды. 2 айдан кейінгі үзілістен кейін 750 адам жұмысқа кірісті. Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша өндіріске арналған шикізат елдің басқа кен орындарынан жеткізіле бастаған. Қазір 4500 тонна көлемінде шикізат бар.