Танымал әнші Ақбота Керімбекованың денсаулығы сыр беріп, кейбір қалаларда жоспарланған ән кешін кейінге шереді. Ол бұл туралы әлеуметтік парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің бұл ыңғайсыздық үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрады.
"Армысыздар менің Тараз және Меркідегі тыңдармандарым! Келе жатқан мереке құтты болсын. 6-7 наурызда Тараз бен Меркіде өтетін мерекелік ән кешімді кейінге шегеруге тура келіп тұр. Себебін өздеріңіз де байқаған боларсыздар, қатты сырқаттанып қалдым. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әлі алда талай ән кеші болады деген ойдамын. Ең бастысы, ауырмайық, адамның емес, алланың дегені болады деген рас қой негізінде. Әйтеуір келетін сынақ та, дерт те алладан, сол үшін тағы да кешірім сұраймын. Ауырып қалғаным үшін кешірім сұраймын. Ән кеші жанды дауыста өтетін болғандықтан, ыңғайсызданып, алдарыңыздан өтейін дедім. Сау болыңыздар, ауырмаңыздар", - дейді әнші видеода.