Русский Сайттың толық нұсқасы

"Шок күйдемін": танымал спортшы допинг дауына ілікті

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2024
  • 541

"Ювентус" пен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба ұзақ уақытқа футболдан шеттетілді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Италияның допингке қарсы прокуратурасы Погбаны 4 жылға футболдан шеттету туралы Италия футбол федерациясына өтініш жолдады. Нәтижесінжде 30 жастағы француз ойыншысы 4 жылға футболдан шеттетілді.

Көп ұзамай футболшы бұл үкімге қарсы Спорттық арбитраждық сотқа апелляциялық шағым түсіретінін хабарлады.

"Мен допингке қарсы комитеттің шешімін білдім және бұл шешімді қате деп санаймын. Мен қатты қынжыламын, шок күйдемін. Менің қол жеткізген жетістіктерімнің бәрі менен ұрланғандай сезінемін. Олар мені бәрінен айырды.

Бұл оқиға әлі ашылады, бірақ мен ешқашан допинг ережелерін бұзатын қоспаларды біле тұра немесе әдейі қабылдаған емеспін.

Мен кәсіпқой спортшы ретінде тыйым салынған заттармен өнімділікті жақсартуға тырысқан да емеспін. Мен өзім ойнаған қарсылас командалардың спортшылары мен жанкүйерлерін ешқашан сыйламай алдаған жоқпын.

Бүгін жарияланған үкімнің негізінде Спорттық арбитраждық сотқа шағым түсіремін", - деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 20 тамызында француздық әлем чемпионы допинг дауына іліккен еді. Қайталанған сынама да оны алаңға қайтаруға қауқарсыз болды. "Ювентуспен" 2026 жылға дейін келісім шартқа отырған футболшы алаң сыртында қалды. Ол осы маусымда небәрі 2 рет қана командасының сапында өнер көрсетті.