Русский Сайттың толық нұсқасы

Рамазан – 2024: Қазақстанның ірі қалаларындағы ораза кестесі жарияланды

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2024
  • 787

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айына арналған ораза кестесін жариялады, деп хабарлайды ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. елдердің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күні бекітілді", – делінген ҚМДБ хабарламасында.

ҚМДБ ақпараты бойынша, ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуірдің 5-нен 6-на қараған түнінде қасиетті Қадір түні болады. 10 сәуірде болса Ораза айт мерекесі өтеді.