Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының жиыны өтті

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2024
  • 463

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астанада «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының жиыны өтті. Онда нәзік жандылардың қоғамдық және саяси өмірдегі рөлін нығайту мақсатында қабылданып жатқан шаралар мен олардың құқығын қорғауға бағытталған заңнама мәселелері талқыланды. Партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Әйелдер қанатының бастамасымен жүргізген гендерлік квоталар кеңейтілгенін атап өтті. Ерлер мен әйелдердің теңдігі – демократиялық принциптердің ажырамас бөлігі, деді ол. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова жуырда ғана Парламенттің төменгі палатасы қабылдаған әйел мен бала құқықтарын қорғауға негізделген Заң жобасына тоқталды.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Заңда денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, ұрып соғу, суицидті насихаттау, суицидке итермелеу, 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық қорлап тиісу және басқа да әрекеттер криминализацияланды. Киберқауіпсіздік яғни, комьютер арқылы да осындай жыныстық қорлап тиіскені үшін қылмыстық жауап күшейтілгенін атап өткіміз келеді.

Үнзила ШАПАҚ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазір мемлекеттік қызметшілерді гендерлік теңдік, гендерлік сезімтал саясат негіздеріне және бюджетті құруға үйрету процессі жүргізіліп жатыр. 2024-2025 оқу жылында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінде және Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде магистрлік бағдарламамен гендерлік зерттеулер академиялық курсын енгізу жоспарлануда.