Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда көпір тірегіне соғылған автобус жүргізушісіне операция жасалды

Алматыда жолаушыларға толы автобус көпірдің бетон тірегіне соғылып, салдарынан 5 адам зардап шекті. Бұл оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Зардап шеккендердің төртеуі №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Екі адам амбулаторлық емге жіберіліп, қалған екеуі ауруханаға жатқызылды. Науқастардың жағдайы тұрақты, тиісті ем қабылдап жатыр. Ал қоғамдық көліктің жүргізушісіне операция жасалды.

Нұржан ОМАРҰЛЫ, №4 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жатқызылған науқастар жан-жақты тексерілді. Олардың жағдайы қазіргі таңда бірқалыпты. Олар жабық бас ми жарақатын және сүйектерінің түрлі сынықтарын алған. Бесінші адам Алматы қаласының жедел жәрдем аруханасына жеткізіліп, сол жақта ем алуда.