Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жан-Арай" агро-индустриалды кешені отандық нарыққа күрішпен қатар құрама жем, қаз бен үйрек еттерін шығарады

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2017
  • 3760

Оңтүстік Қазақстан облысында үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесі алдағы үш жылда толықтай шешіледі. Бұл жайында аймаққа келген парламент депутаттары айтты. Мәжілісмендер "Достық" шағын ауданында салынып жатқан мектеп құрылысын аралап көрді. «Нұрлы жол» мемлекетік бағдарламасы аясында іргесі қаланған ғимарат 1200 орындық. Ол алдағы жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек.

Байділдә Жылқышиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Облыс бойынша 19 апатты мектеп бар екен. Оның 2016 жылы 8 мектеп соғылған, биыл 7 мектеп деп қазір хабарлама берді. 2019 жылы бағдарлама бойынша апатты мектептің барлығы жабылады. Үш ауысымды мектептен 11 мектеп қалыпты қазір облыс бойынша, ол да сол бағдарлама бойынша 2019 ж жабылады, ол  денгеніңіз өте үлкен тірлік.

Халық қалаулылары осы күні «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ есептік-сайлау конференциясы да қатысты. Онда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жыл сайын ел аумағында 40 мың үй пайдалануға берілмек. Оның ішінде облыс орталықтарында 10 мың және ауылдарда 30 мың жеке үй тапсыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ осы жиында партияның өткен жылғы атқарған жұмысы бойынша да есеп тыңдалды.

Әлімжан Құртаев, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

2016 жылы ОҚО да филиалдың облыстық филиалдың мүшелері 13 мың 800 адамға көбейіп, бүгінгі таңда қазір 111 219 адамды құрап отыр. Өткен жылы «Нұр Отан» облыстағы болған үлкен саяси-экономикалық іс-шаралардың барлық уақытта басында болды деп айтуға болады. 204 мыңнан астам адам қатысқан 800-ге тарта іс-шаралар жасалынды.

Ал Қызылордаға жұмыс сапарымен барған тағы бір топ мәжілісмендер "Жан-Арай" агро-индустриалды кешенінің жұмысымен танысты. "Қызылордалық агро-индустралды кешен шығарып отырған құрама жемнің келісі нарықта 50 теңгеден саудаланып жатыр. Бұл баға үлкен шаруашылық үшін де, жеке кәсіпкерлер үшін де тиімді",- деді депутаттар. Зауыт тәулігіне - сексен, жылына отыз мың тонна құрама жем өңдіруге қауқарлы. Жалпы, аймақ шаруалары жылына алпыс мың тонна мал азығын тұтынады екен. Депутаттар осындай өндірістерді дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар қажет деп отыр.

Балайым Кесебаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Әрі қарайда ауыл шаруашылығының дамыту барысында жануарлар азығын, мал азығын өндіретін заводтарды одан әрі көбейту қажет деп санаймыз. Сонымен қатар, бұл мал шаруашылығына ғана емес, құс өнімдерін өндіріп, балық шаруашылығымен айналысатын өндірістер бар - олардың да қажеттілігін өтеп отыр.