Қазақстанның оңтүстігінде алдағы үш тәулікте синоптиктер 20 градусқа дейін жылитынын болжады. Ал солтүстікте термометр бағаны бір градусқа ғана көтеріледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша, атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанған. 9 наурызда оңтүстікте, күндіз Қазақстанның оңтүстік-шығысында толассыз жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, батыста, солтүстікте және орталықта тұман болады деп болжанған. Сондай-ақ, республиканың батыс облыстарында күндіз термометр бағаны 0-8 жылуға дейін, солтүстікте -4 градус аяздан -1 градусқа көтеріледі, оңтүстікте – 10-20 жылуға дейін көтеріледі.