Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясының қолдауымен Республикалық командалық айтыс ұйымдастырылады

Елімізде биыл «AMANAT» партиясының қолдауымен Республикалық командалық айтыс ұйымдастырылмақ. Ұлттық өнерді насихаттап, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеуді көздейтін жыр аламаны 9 наурызда Қызылорда облысында басталады. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Аманжол Әлтайдың айтуынша, жаңа бастама ең алдымен аймақтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуды көздейді. Жоба 4 кезеңнен тұрады. Оған еліміздің барлық аймағынан 20 команда қатысады. Айта кетейік, жоба аясында тек айтыс емес, ұлттық өнеріміздің бірнеше жанры қамтылады. Яғни, айтыскерлер, күйшілер, жыршылар, термешілер және дәстүрлі әншілер сайысы да ұйымдастырылады.

Аманжол ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Командада 4 ақын болады. Бір жыршы, бір термеші, бір әнші, бір күйші болады. 8 адам. Сосын тағы да бір ерекшелігі команданы таныстыратын жобаның ережесіне сай болу керек. Оныншы сол команданың жетекшісі болады.

Еркебұлан ҚАЙНАЗАР, АЙТЫСКЕР АҚЫН:

Айтыс байырғы заманда түркі тілдес халықтардың түгеліне жуығында болды. Дәл қазір оны өнер деңгейіне көтеріп ұстап қалған екі-ақ халық бар. Олар – қазақ және қырғыз. Бір шаңырақты көтерген уық секілді осы айтыс өнерін дамытқан болса, ендігі кезек біздікі.