Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жастар Рухы" ЖҚ белсенділері ерекше балалардың аналарына шеберлік сабағын ұйымдастырды

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2024
  • 729

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ерекше балалардың аналарына арналған шеберлік сағаты өтті. Шығармашылық шараға 70-ке жуық ана келді. Бірнеше сағат бойы сурет салып, керамикалық бұйымдар жасаумен айналысты. Аналарға керемет көңіл-күйді сыйлауға "AMANAT" партиясының "Жастар Рухы" жастар қанатының белсенділері мұрындық болды.

Ақерке ИСКАНДЕРОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Біздің басты мақсатымыз - олардың өміріне қуаныш сыйлау. Себебі ерекше балалардың күтіміне қарап, денсаулығы үшін күресу оңай емес. Сондықтан біз оларға 8 наурыз қарсаңында осындай мерекелік көңіл күй сыйлағымыз келді. Барынша қызықты жұмыстар ойластырып, ортақ тақырыптарында әңгіме дүкен құрып бере алдық деп ойлаймыз.

Самал КАРПАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біз үшін арнайы кеш ұйымдастырғандары қуантады. Күнделікті күйбең тіршіліктен біраз сергіп қалдық. Аналар бір бірімізбен әңгімелесіп, тәжірибе алмастық. Мен Жастар рухының мүшелеріне алғыс айтқым келеді. Осындай қолдаулары үшін рахмет!