18-19 сәуір күндері еліміздегі мәслихаттардың 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді. Бүгін Сенатта ауқымды шараға дайындық мәселелері пысықталды.
"Қуатты өңірлер әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаттың негізі және елдің драйвері". Сондықтан өңірлердің теңгерімді дамуына және мәслихаттардың нәтижелі жұмыс істеуіне ықпал ету жолында күш жұмылдырудың маңызы зор деді-Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып жатқан форум сенаторлардың мәслихат депутаттарымен өзара іс-қимылын одан әрі арттыруды, жергілікті өкілді органдардың қызметіне қатысты маңызды мәселелерді шешуді және өңірлерді дамытуға ықпал етуді көздейді.