Русский Сайттың толық нұсқасы

Футзалдан Еременко кубогы жолындағы жарыс басталды

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2016
  • 1666

Алматыда футзалдан Еременко кубогы басталды. Қатарынан үшінші рет өтіп отырған жарысқа 6 команда қатысып, бас жүлдені сарапқа салады. Аталған турнирде ел намысын «Қайрат» және «Астана-Тұлпар» командалары қорғайды. «Б» тобында өнер көрсететін астаналық команда алғашқы ойында Екатеринбург қаласының «Синара» клубымен сынға түсті. Ойын тартысты өтті. Екі команда да аянып қалмады. Дегенмен, кездесу барысында дұрыс тактика таңдай білген «Астана-Тұлпар» футболшылары 5:3 есебімен жеңіске жетті. Ал, ресейлік команда бұл сәтсіздігіне қарамастан, алдағы ойындарда ұпай аламыз деп отыр. 

Андрей Ягода, «Синара» клубының спорттық директоры: 

Біз бұл жарысқа чемпиондық атағымызды қорғауға келдік. Бүгінгі кездесуде жолымыз болмады. Дегенмен, алдағы ойындарда тыңғылықты дайындықпен шығамыз. Біздің бас жүлдеден әлі де болса үмітіміз бар.

С. ҚАНАҒАТОВ