Русский Сайттың толық нұсқасы

Тауарларды бөліп төлеу арқылы сатып алудың тиімділігі неде?

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2024
  • 909

Қазақстан халқының жартысына жуығы тауарды бөліп төлеу жолымен алғанды жөн көреді. Ал тұрғындардың 20-25 пайызы мұқтаждықтан барады бұған. Сарапшылар осылай дейді. Себебі, алған заттың ақысын бөліп төлеген тиімді. Бірақ, өзіне ыңғайлы әдісті таңдаймын деп қарызға белшеден батқандар да көп. 

Несиені рәсімдеу оңай. Бірақ, оған қосылатын үстемақыны көп адам ойлай қоймайды. Затты тегін бергендей алады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-  Дереу төлеу дереу алу қиынғой. Оған шамам жетсе мен аламын,ал маған қиын болады десе мен оған бармаймын.

-  Айлыққа жұмыс істейтін адамға тиімді ғой!

-  Жалпы бөліп төлеу менің ойымша тиімсіз деп ойлаймын, бөліп төлеген кезде ,белілі бір уақытқа алады,оған уақытыңызды бөлесіз, ай сайын төлеп отыру керек боласыз сондықтан жинап сапалы нарсе алған дұрыс деп ойлаймын.

-  Мен өзім бөліп төлеуге қатты құмармын деп айта алмаймын, бірақ болады киімдер аламын. Бөліп төлеуге үлкен сомаларды алған ынғайлырақ.

Бөліп төлеу мен тұтынушылық кредиттердің арқасында адамдар әлдеқайда көп сауда жасайды. Ал сатушылардың пайдасы артады, яғни, тауары көп сатылады. Әсіресе тұрмыстық техника, құрылыс материалдары, киім, аяқ киім, кейде үлкен сомаға азық-түлік те жақсы өтеді. Бөліп төлеу -кәдімгі маркетингтік амал,-дейді сарапшылар.

Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Ақша төлемі 1 млн болса, банк өзіне 200 мың алып қалуы мүмкін осыған көп адамдар онша көңіл бөле бермейді . Ешқашан дүкен, банктер өзін ұмытпайды, пайдасын әрқашан көреді. Жылдық табысына қарасақ банктер 30-40% бен шығады.

Несиені ретсіз ала бергенді мамандар құп көрмейді. Қаржылық мүмкіндікті ескеру керек. Кіріс пен шығысты реттеу қажет.

Әсел ЖАРАСҚАЛИҚЫЗЫ, ҚАРЖЫГЕР:

Қаржылық жоспар болған жақсы. Осындай акция аясында шектеулі уақыт болады,сол уақытынан бұрын алуға итермелейді. Ақшаға сатып алған тиімдірек. Неге десеңіз бәрібір сол дүниені базарда немесе басқа да жерлерде 10 -15% жеңілдікпен алу мүмкіндігі бар.

Тәуелсіз сарапшылар сауалнама жүргізген. Жұрттың 82 проценті – бөліп төлем жасауды пайдаланған. Оның 76 пайызы бұл төлем түрін бір-ақ рет пайдаланса, 46 проценті тұрмыстық техника алған. Ал 31 проценті ұялы телефон алыпты.