Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында кеден бекетінің лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2024
  • 304

Түркістан облысындағы "Қазығұрт" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды otyrar.kz.

Тергеу жұмыстарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіндегілер жүргізіп жатыр.

Ведомство мәліметінше, олар жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алу деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.