Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда емхана қызметкерлері 227 млн теңге жымқырған

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2024
  • 577

Атыраудағы №3 емхананың басшысы мен оның есепшісі бюджет қаражатын талан-таражға салған. Мекеме директоры философия ғылымдарының докторы дәрежесін жалған иемденіп, сол үшін 2 миллион теңгені қалтасына басқан,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Тексеру барысында дипломының түпнұсқасы жоқ болып шыққан. Ал сол мекеменің бухгалтері жөндеу жұмыстарына бөлінген 225 миллион теңгені ешбір негізсіз өзінің жеке кәсіпкерлік шотына аударып алған. Қазір экономикалық тергеу департаменті тергеуді бастады.