Русский Сайттың толық нұсқасы

10 мыңнан астам докторанттың тең жартысына жуығы дисертациясын қорғай алмаған

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2024
  • 754

Елімізде 10 мыңнан астам докторанттың тең жартысына жуығы дисертациясын қорғай алмаған. Бұл туралы сенатор Қайрат Тастекеев айтты. Бұл 2011 және 2022 жылдар аралығындағы көрсеткіш. Сенатордың айтуынша ғылыми жұмысын қорғаушылардың көпшілігі халықаралық skops дерекқорында мақаласы жариялау кезінде қиындыққа тап болған. Бұл олардың жазған дүниесін қорғауды күрделендіре түсетін көрінеді. Айта кетейік доктаранттардың 93,5% мемлекет есебінен оқыған.

Қайрат ТАСТЕКЕЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Ғылыми жұмыстарды жариялаудағы қиындық күшті бәсекелестік пен рецензияның қатаң талабына, сондай-ақ қаржы кедергісіне байланысты. Халықаралық базалар барлық ғылыми саланы бірдей қамти алмайды, бұл кейбір мамандықтағы зерттеушілерді қолайсыз, өзгеше жағдайға душар етеді. Біздің ғалымдардың өсіп-өркендеуі жалғыз бағалауға байланысты болуы мүмкін емес.