Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған тұрғынына көмек көрсетті

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2017
  • 3072

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қаласының тұрғынына көмек көрсетті. Пак Мин Сон кемтар жандардың қатарында болса да, қол қусырып отырмай мамандық алып, еңбекке араласуды көздейді. Қазір заң колледжінің студенті. Мүгедектігі үшін алатын жәрдемақысын жинап оқуына, жалдамалы пәтері мен күнделікті тұрмысына жеткізуге тырысып бағуда. Биыл қыстың суықтығынан тұрғындар отынды жылдағыдан көп жақты. Солардың қатарында Мин Сон да бар. Күн өткен сайын отын-судан тарыққан ол партияның облыстық бөлімшесіне жүгінген.

Мин Сон Пак, Талдықорған қаласының тұрғыны:

«Нұр Отан» партиясының осылай деп жағдайымды айтып көмек сұрадым. Бұл кісілер суық көзбен қарамай, өмірге ұмтылғанымды көріп, халыққа деген мейірімділігін көрсетіп, жәрдем берудің жолын іздесті. Маған 1 машина, 5 тоннадай көмір түсіріп берді.

Партия өкілдері қатты отын мәселесімен қатар, күнделікті тұтынуға керекті заттармен қамтасамыз етуді де шешкен. Науқас жанның денсаулығын назарға алып, тегін сараптама жасатуға жағдай жасаған. Бұл халықпен жұмыстың тек бір көрінісі ғана, - дейді мамандар.

Аманжол Жазықбаев, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 2016 жылы 4078 өтініш келіп түсті. 3000-нан астам жеке қабылдаулар өтті. 2016 жылы келіп түскен өтініштің 30 пайызы, 1200-ден астамы оңтайлы шешім тапты.