Шымкенттегі
«Металлург» стадионы бұдан былай қала тұрғындарының игілігіне қызмет етеді.
Аумағы 2,5 гектар болатын жаттығу орнын қала билігі 156 млн 700 мың теңге сатып
алып, дене шынықтыру және спорт бөліміне берген.
Намазбай
Әбдіқұлов, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының
орынбасары:
Ол
жерде стадионда өзінің тарихи мәні бар стадионды қалдырамыз. Ол өте жақсы
күрделі жөндеуден өтеді. Содан кейін қасынан тағы да одан бөлек футзал үшін
арнайы зал салынады. Спорттық ғимарат салынады. Одан бөлек жекпе-жек
спорттарына арналған, одан кейін ойын түрлеріне арналған тағы екі спорт залы түседі. Сонымен қатар ол жерде әкімшілік ғимараты болады.
Еске салайық, спорт
кешенін 2015 жылы шаһардағы екінші деңгейлі банктердің бірі 140 млн теңгеге
саудалаған еді. Қаладағы тұрғын үй-коммуналдық бөлімі арқылы банкпен
жүргізілген келіссөз он айға созылған.