Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында еріген су республикалық маңызы бар тас жолды басып қалды

  • AstanaTV
  • 08 наурыз 2024
  • 624

Ақтөбе облысында еріген су Республикалық тас жолды басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

QazAvtoJol таратқан ақпаратқа сүйенсек, автожолдағы жол төсемі бойынша еріген қар суының ені - 20 м., биіктігі - 3-5 см шамасында (алдын ала ақпарат бойынша).

“Бүгін 17.00-де республикалық маңызы бар А-26 "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының 194 шақырымында ауа температураның жылынуы және еріген қар суының салдарынан су өту дерегі анықталды”, – делінген ақпаратта.

Аталған учаскеде су өткізгіш құбыр жоқ екені атап өтіледі.

“Еріген қар суының жүруін жою бойынша орнына ДЭУ-13 күші жұмылдырылды:

10 жұмысшы, 1-Шахман, 1-погрузчик, 1-ДРС, 100 қап құм”, – деп қосты QazAvtoJol.