Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та әуеге көтерілген ұшақтың шасси дөңгелегі сынып қалды

  • AstanaTV
  • 08 наурыз 2024
  • 587

АҚШ-та Жапонияға ұшып бара жатқан ұшақтың шасси дөңгелегі сынып, түсіп қалған. Салдарынан ұшақ ең жақын орналасқан әуежайға шұғыл қонды, деп хабарлайды РИА Новости басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, United Airlines ұшағы Сан-Францискодан Жапонияға бет алған еді, бірақ жайтқа байланысты Лос-Анджелесте шұғыл қонуға мәжбүр болған. Сол кезде Boeing 777-200 бортында 235 жолаушы, 10 стюардесса және 4 ұшқыш болған.

"777-200 ұшағында екі негізгі шассидің әрқайсында алты шина бар. Ұшақ бұл шиналар болмағанның я зақымдалғанның өзінде қауіпсіз қона алады", – деп жазады басылым әуе компанияға сілтеме жасап.

Лос-Анджелес өрт сөндіру қызметінің ақпараты бойынша, экипаж шассиге байланысты ақау анықталғанын хабарлаған соң ұшақ өз бағытын қалаға бұрып, әуежайға аман-есен қонған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жоғалған дөңгелек Сан-Франциско әуежайының аумағынан табылды.