Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраудағы қамыс өртін сөндіру жалғасып жатыр

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2024
  • 1088

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде «Құрманғазы орман шаруашылығы» КММ аумағында Каспий теңізінің жағалауында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баруға қиын батпақты аймақта 148 гектар аумақта қамыс күйіп тұр. Сөндіруді қол жетпейтін батпақты рельеф қиындатады.

Өрттің жалпы аумағы 2500 гектарды құрайды, оның 277 гектары төтенше жағдайлар қызметінің күшімен сөндірілді, 2075 гектары өздігінен жойылды. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өртті жоюға 56 адам, 9 мотопомпа, 11 моторлы қайықтан тұратын ТЖ, орман шаруашылығы, ЖАО күштері мен құралдары тартылды.